Жоғары оқу орындарына тағы да 10 мың грант бөлінеді

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
496

Қазақстанда ҰБТ-да 100-ден жоғары балл жинаса да, грантқа түсе алмағандарға қосымша 10 мың грант бөлінеді, деп хабарлады madeniportal.kz 24-ке сілтеме жасап.

Өткен жылмен салыстырғанда 11 мың үміткер бюджеттік орындарға бақ сынады. Бұл былтырғы көрсеткішке қарағанда көбірек.  ҰБТ-дан жоғары балл алғандар төңірегінде дау шығып, су тасқынынан зардап шеккен аймақтың түлектеріне грант берілгеніне қарсы шықты. 

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек гранттардың басым бөлігін мемлекет үшін маңызды мамандықтарды таңдаған талапкерлер иеленетінін айтты.

“Биылдан бастап бізде жылу энергетикасы, су, орман шаруашылығы салаларындағы үлкен проблемаларға байланысты жылу энергетикасы, гидрогеология, ветеринария, ауыл шаруашылығы сияқты мамандықтарға қосымша гранттар бөлініп жатыр. Жоғары балл жинаған студенттердің толық тізімін ректорларымызға тапсырдық. Бұл – мықты және талантты студенттер. Қосымша 10 мыңға жуық грант бөлінеді”, – деді Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек.

Жаңалықтар

2024 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша елорда аумағында 4100-ден астам интернет-алаяқтық дерегі т...

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...