Желіде зорлаушысына мәжбүрлі түрде тұрмысқа шыққан атыраулық жүкті 15 жасар қыздың үндеуі тарады, де...
«Ата-анасымен ақылдастық»: Инга Иманбай Ербаянның қай елде емделетіні жайлы әңгіме қозғады
Фото: дереккөз
461
Әскерде жүріп мүгедек болып қалған Ербаян Мұхтардың қорғаушысы Инга Иманбай алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлады madeniportal.kz.
«Астанаға арнайы келіп, Ербаянның жағдайын біліп қайттым. Ата-анасымен емін жалғастыру, қылмыстық іс барысы бойынша ақылдастық. Ербаян өмір үшін күресіп жатқанын, мықты екенін көріп қуанып қалдым. Ендігі басты мәселе тезірек қай елде, қай клиникада емдеу бойынша жақындарының шешім қабылдауы. Бәріміз де Ербаянның тезірек сауығып кеткенін тілейміз және оны осы жағдайға жеткізгендер сот алдында жауап бергенін күтеміз, сол үшін қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», - деп жазды Инга Иманбай