Белгілі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Айгүл Иманбаева Instagram парақшасында желі қол...
“Төбеміз көкке жеткендей қуанып жатырмыз»: Алтынай Жорабаева сүйінші сұрады
Алтынай Жорабаеваның Instagram парақшасынан
Жорабаева қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті.
Алтынай Жорабаева желіде қуанышты жаңалығын хабарлады. Өнер иесінің тұңғышы Қытайдың мықты университеттерінің біріне грантқа түскен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жорабаева қуанышты жаңалығын Instagram-дағы парақшасында жария етті.
"Сүйінші! Алланың қалауымен тұңғыш қызымыз Аяулым Қытай Халық Республикасы, Бейжің қаласындағы ең мықты университетке грантқа оқуға түсті. Аяулым былтыр Қазақ Ұлттық университетін қызыл дипломмен бітіріп, бір жыл жұмыс істеп, арасында жапон, кәріс, қытай тілдерін меңгеріп жүрді.
Оқуға, басқа тілге қатты қызығатынын Гүлсінай әпкесі байқап: "Аяулым, сен деген қандай алғыр баласың! Сен осы Қытайдағы жоғарғы оқу орнына тапсырып көрсеңші. Мысалы, біздің президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қытайдың мықты университетінде оқыған ғой" депті. Сөйтіп Аяулым міне бүгін осындай ректордың шақырту қағазын алып, төбеміз көкке жеткендей қуанып жатқан жайымызды сіздермен бөлісіп жатырмыз. Бізге тілеген тілектеріңіз өздеріңізге еселеп қайтсын", - деп жазды өнер иесі.