Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде өрт болып, кәмелеттік жасқа толмаған 4 бала қай...
«Аллаға шүкір еттім»: Төреғалидің қарындасы қуанышты жаңалығымен бөлісті
Дина Төреәлінің инстаграм парақшасынан
Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Дина Төреәлі желіде жақсы жаңалығын бөлісті. Блогер ұлының 9 айға толғанын, сондай-ақ, алғашқы сөзді айтқанын хабарлап, сүйінші сұрады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дина Төреәлі Instagram-дағы парақшасында ұлымен түскен суреттерін жариялап, оған аналық ақ тілегін жолдаған. Блогер баласы 9 айға толып, алғаш рет "ана" деп айтқанын жеткізді.
"Кеше балам алғаш рет "Мама" деп сөйледі. Осындай ерекше сезімді сезіндірген Аллаға сансыз шүкір еттім. Ана атанғаныма 9 ай өте шығыпты. Батырым дені сау, үлкен азамат болып өссін", - деп жазды желі жұлдызы.
Дина Төреәлінің әпкесі Фариза Төреәлі мен жездесі Дархан Нортаев Ерманбидің 9 айға толуына орай, мерекелік кешкі ас ұйымдастырған.