Көшпенділер ойынында Кабирхан өнер көрсетеді деп жоспарланған

Фото: instagram.com/racingdubai

Жаңалықтар
320

Ұлттық және ат спорты түрлері орталығының қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы Қайырхан Мәулен Дүниежүзілік көшпенділер ойынында қандай танымал сәйгүліктер келетінін айтып берді, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.inform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

«Ұлттық құрамада тек көкпар бойынша 30-ға жуық ат әзірленіп жатыр. Оның ішінде 24-і ертең келеді. Сол 24 аттың барлығының да атақтары бар, бүгінгі күнге дейін жеңістерге жеткен. Әлем чемпионатында жеңген Нұрғасқа сәйгүлігі бар, онымен Құрманбек Тұрғанбек атты үкілеген үмітіміз өнер көрсетеді. Одан бөлек, Жұмыртұяқ, Секрет атты талай бәйгеде топ жарған аттар келуі ықтимал. Тіпті Дубайдағы бәйгеде жеңіске жеткен Кабирханды білесіздер, Кабирхан келеді деп жоспарланған», - деді Қ.Мәулен «Қазанат» ипподромында өткен баспасөз мәслихатында.

Бірақ спикердің айтуынша, әлі де ауа райы мен транспортқа байланысты өзгерістер болуы мүмкін.

«Олар жеке адамдардың аттары болғандықтан мемлекеттің, ұлттық құраманың құзырындағы іс емес. Сондықтан осындай нюанстар бар. Бірақ еліміздің атынан қатысатын сәйгүліктердің бәрі өте жақсы таңдалған және дайындалған», - деді ол.

Еске сала кетейік, жыл басында қазақстандық сәйгүлік Кабирхан Дубайда өткен жарыста топ жарған еді. Талай шетелдікті таңдай қақтырған тұлпар Қазақстанның атын әлемге танытты.

5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана қаласында 8-13 қыркүйек аралығында өтеді. Әлемдік додаға 89 елден 2800-ге жуық қатысушы келеді деп жоспарланып отыр. Онда спорттың 21 түрі бойынша 97 медаль жиынтығы сарапқа салынбақ.

Ұйымдастыру дирекциясы шетел спортшыларына ат үлестіреді. Тек көрші Ресей, Өзбекстан және Қырғызстан спортшылары ғана өз аттарымен келеді. 

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...