Полицейлер жоғалып кеткен 13 жастағы турист қызды іздеп тапты

Ашық дереккөзден алынған

Жаңалықтар
431

ІІМ көлік полицейлерінің жоғалып кеткен 13 жастағы турист қызды іздеп тапқанын мәлімдеді, деп хабарлады madeniportal.kz.

Алматы әуежайының желілік полиция бөлімі қызметкерлері қыз баланың жоғалып кеткені туралы хабарламаны ала салысымен дереу шаралар қабылдап, жасөспірімді іздеуге кірісті.

Айта кетейік, шетелдік жасөспірім Қазақстанға анасымен бірге келген. Алайда ол жанжал салдарынан құжаттарын алып, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

«Көлік полицейлерінің қырағылығы мен жедел әрекеттерінің арқасында кешкі сағат 20:00 шамасында әуежайды патрульдеу кезінде 13 жастағы ҚХР азаматы Мия Ю Тинь аман-есен табылып, анасына тапсырылды», — деп жазды құзырлы органнан.

Жаңалықтар

Қорғаныс министрлігі ресми хабарлама жариялады, деп хабарлады madeniportal.kz. Ресми хабарламада 20...

Шоу-бизнес

Жақында бостандыққа шыққан Мұрат Әбділдә абақтыда жатып 100-ге жуық ән жазғанын айтты, деп хабарлады...