Бибісара Асаубаева шахматтан Азия чемпионы атанды

Жаңалықтар
1388

Қазақстандық шахматшы Бибісара Асаубаева әйелдер арасында Азия чемпионы атағына ие болды. Бұл туралы жас чемпион өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Бүгін мен әйелдер арасында Азия чемпионы атағын жеңіп алдым! Бұл менің алғашқы маңызды атағым! Мереке соңы концертке ұласты! Мен бәрін жақсы көремін, - деп Бибісара қуанышымен бөлісті.

Турнир 2021 жылдың 23-25 тамыз аралығында Тornelo ойын платформасында өтті. Чемпионатқа Азиянын 15 елінен 74 ойыншы қатысты, оның ішінде 9 халықаралық әйелдер гроссмейстері, 8 халықаралық шеберлер мен 22 әйелдер шахмат шеберлері бар.

Осылайша, Бибісара 2021 жылғы 25 қазан мен 8 қараша аралығында Латвияның Рига қаласында өтетін Fide Women's Grand Swiss 2021 турниріне жолдама алды. Бұл турнир 2021-2023 әлем чемпионатының біліктілік цикліне кіреді. Турнир Швейцария жүйесі бойынша 11 турмен өтеді, оған 50 үздік шахматшы қатысады.

madeniportal.kz

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...