Ақтөбеде оқушы кісі қолынан қайтыс болды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Қоғам
310

Ақтөбе облысындағы Темір ауданында оқушылар арасында жанжал болып, бір оқушы мерт болды, деп хабарлады madeniportal.kz el.kz-ке сілтеме жасап.

Оқиға 2 қыркүйекте Темір ауданындағы Кеңесту ауылында болған. Жанжал кезінде 9-сынып оқушысы екінші оқушыны өлтірген. Бұл жағдай сабақтан тыс кезде, түнгі уақытта болған. 

Темір аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған баланың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғағанын хабарлады. Төбелескендер анықталып, полицияға жеткізілді.

«Екі күдікті ұсталды. Қазіргі уақытта тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді», - деп хабарлады облыс Полиция департаменті.

Ақтөбе облысының білім басқармасының басшысы Жайық Сұлтан бұл жағдай бойынша тергеу жүріп жатқанын хабарлады. Мерт болған оқушының да, күдікті оқушының да отбасы есепте тұрмаған. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...