Құмар ойынға құлшына кіріскендер өзгенің көлігін рұқсатсыз сатып сотталып кетті

Фото: inbusiness.kz

Жаңалықтар
523

Шығыс Қазақстан облысының екі тұрғыны Алматыға барып, онлайн ойынханада ұтылып қалған. Олар әрі қарай ойнау үшін өзгелердің көлігін сата бастаған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Екі ер адам алматылықтардың көліктерін тіркеуге көмектесеміз деп алдап алып кеткен. Кейін оны сатып, одан түскен ақшаны құмар ойынға салған. 

Олар екі көлік иесіне жалпы сомасы 15 миллион теңгеге жуық материалдық шығын келтірген. Сот оларды қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, бес жыл мерзімге бас бостандығынан айырды.

Сотталғандар жәбірленушілерге келтірілген материалдық шығынды жартылай өтеген. 

Жаңалықтар

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев жуырда ғана қайырымдылыққа аударған қазақстандықтардың қаржысын жымқы...

Жаңалықтар

Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...