«Жалғыз қалған өнерпаз аз ба?»: Сәуле Әбілдаханқызы Мақпал Жүнісоваға қатысты пікір білдірді

сурет ашық дереккөзден алынды

ӨСЕК-АЯҢ
4226

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы ҚР Халық әртісі Мақпал Жүнісоваға шүйлікті, деп жазды madeniportal.kz.

«Жалғыз қалған әйел, әнші, ақын, жазушы, өнерпаз аз ба? Бағланова, Төлегенова, Рымбаева, Есқалиева, Нұрмағамбетова, Құлышева, Самединова, Бибіажар... Әншілерден басқа, театр артистері қаншама! Ақын қыздар мен жазушы, журналист қыздар қаншама! Еркеліктің де жөні болады. 60-тан асқанша «ерке қызбын» деп, шолжаңдау - еркелік емес, ақымақтық... Тойда салбыраған мойындары мен қолдары, омыраулары мен қолтықтары ашық-шашық боп, шошаңдап билейтін кемпірлерді көрсем, құдай соларға титімдей сана бермегеніне жаным ашиды. Кеше сондай бір видео көрдім, былшиған кемпір ашық-шашық киініп, шошаң-шошаң етіп жүр. Еп-ерсі. Жарасса қане!.. Жүрегің айниды. Ондай кемпірлер де, видеолар да аз емес. Оларға "о, неткен күшті би!.. О, неткен ритм!.." деп, ештеңенің байыбына бармайтындар қол соғып, тамсанып отырады...

Жас болса, бір жөн, "е, жас қой, жастық шақ сонысымен қызық та" дейсің де қоясың. Кәп-кәрі кемпірлерге не жорық? "Малым - жанымның садағасы, жаным - арымның садағасы" дейтін қазақ едік. Қазір бір тойдан жүлдеге бір боқ-дүние ұтып алу үшін іркілдеп, селкілдеп, жерге жата қалып, бар әбүйірін ойрандай ашып, бар абыройын айрандай төгіп, сол приз үшін өліп кете жаздайтын болыпты. "Ұят болады" деген тәрбиенің, әдептің нағыз темірқазығынан айырылып қалдық... Ұят түгілі, масқара болса да, бүлк етпейтін болды...

Әр жастың өзіне лайық әдебі болмаса, қиын... Әдемі қартайғанға не жетсін!.. Әсіресе әйел адамға...», - деп жазды журналист әлеуметтік желіде.

 

Жаңалықтар

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда брифингте Әзірбайжанға тиесілі ұшақтың құлауын...

Жаңалықтар

Нью-Йорк метросында мемлекет ішінде заңсыз жүрген иммигрант әйелді тірідей өртеп жіберді, деп хабарл...