“Ешбір нұсқаны растамаймыз және жоққа да шығармаймыз”. Бозымбаев ұшақ апатына Ресей зымыранының қатысы туралы айтты

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1635

Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев Ақтауда брифингте Әзірбайжанға тиесілі ұшақтың құлауына Ресей зымыранының қатысы туралы айтып өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Брифингте Бозымбаев Embraer өндірушісі мен халықаралық авиация комитеті ертең Ақтауға келетіндігін айтты. Сонымен қатар, ұшақ қалдықтар жиналған жоқ, бұл тергеу үшін қойылған талап екендігін жеткізді. 

Қанат Бозымбаев зымыран соққысына қатысты сұраққа да жауап берді. Ол кешегі сөзін қайталап, бәрі сарапшылардың қолында екенін атап өтті. 

«Біз ешбір нұсқаны растамаймыз және жоққа да шығармаймыз, тергеу жалғасуда», — деп tengrinews премьер-министрдің орынбасарының сөзін келтірді.

Сонымен қатар, Бозымбаев әлемдік БАҚ-та атқылау туралы не айтылып жатқандығына да тоқталды.

«Иә, шынымен де қазіргі уақытта бірнеше сараптама, соның ішінде зерттеулер тағайындалған. Нәтижелер алынбайынша қандай да бір пікір айту немесе қорытынды жасау мүмкін емес», — деді Бозымбаев.

Сондай-ақ, Бозымбаев Қазақстанның ресми нұсқасы жоқ екендігін және  Әзірбайжан мен Ресей де өз нұсқаларын Қазақстанға ұсынбағанын жеткізді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...