Мейрамбек Бесбаев депутат Зағипа Балиеваға: «Әншілердің шаруасына араласпаңыз!»

ӨСЕК-АЯҢ
2846

Жақында Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланған Мейрамбек Бесбаев Мәжіліс депутаты Зағипа Балиеваны сынға алып, ашық үндеу жасады

Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы болып сайланған танымал әнші ұйымның жұмысын жақсарту үшін бар күшін салатынын айтып, өнерде жүрген әншілердің құқықтарын қорғауды мақсат тұтып отырғанын айтты. Алайда, жаңа қызметіне кіріскен Мейрамбек Бесбаев бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетіп жатқанын жазды. Сондай-ақ бұл әрекеттің артында Мәжіліс депутаты Зағипа Балиева мен оның ұлы тұрғанын да атап өткен.


«Құрметті Зағипа Яхияқызы! Мен 2020 жылдың 15 қаңтар күні Қазақстан орындаушылар одағының басқарма төрағасы боп сайландым. Дауыс беруге ұйымның ең жоғарғы басқару органы - құрылтайшылардың жалпы жиыны жасақтаған басқарма мүшелерінің барлығы қатысты. Сайлау өткізуге қажетті кворум болды. Барлық регламент пен заңдылық толықтай сақталды. Хаттама толтырылып, мені бас директор қызметіне кірісуім туралы бұйрық та шығып қойды. Енді келіп, бұрынғы басшылық жаңа басшылыққа қарсы қоқаң-лоққы көрсетіп, әртүрлі жағымсыз әрекеттер арқылы қарсылық көрсетуде. Бұрынғы басшылықтың артында Сіздің ұлыңыз және өзіңіз тұр екенсіз», - деді әнші Instagram желісіндегі парақшасында.

Одақтың жаңа басшысы депутаттан әншілердің шаруасына араласпауын сұрады.


«Сіз заңды түрде сайланған маған, басқарма мүшелеріне қысым көрсетіп, әртүрлі мемлекеттік және құқық қорғау органдарына телефон шалып жатыр екенсіз. Мұныңыз мүлде дұрыс емес деп білеміз! Неге сіз әншілердің шаруасына араласып, алашапқын боп жатырсыз?! Біз соны түсінбей отырмыз. Бұл әрекет-қылығыңыз сіздей үлкен мемлекет қайраткеріне жараспайтын шаруа. Әншілерге тиесілі ақшаға тек сіздің балаңыз иелік ету керек деген ой сізге қайдан келген?! Біз өз шаруамызды өзіміз шешуіміз керек, өзімізге тиесілі қаражатты өзіміз тиісінше жұмсауымыз қажет. Еңбектен түскен қаражат бір қалтаға, нақтырақ айтқанда сіздің балаңызға емес, мың қалтаға яғни маңдай терімен тауып жүрген әншілер мен ән өндеушілердің қалтасына түсу керек. Сізден осындай әрекеттеріңізді тоқтатуды талап етеміз!», - дейді әнші

Жаңалықтар

Әзербайжанның Ақтаудағы бас консулы Айхан Сүлейменұлы өкінішке қарай ұшақ апатынан қаза болғандард...

Жаңалықтар

Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін аман қалған бортсерік Айдан Рахимлидің ауруханадағы қазіргі жағдайы бе...