Бүгін Egemen Qazaqstan газетінің редакциясы, ардагер журналистер, БАҚ басшылары басылымның 100 жылды...
“Швейцария аруын" күйеуі өлтіріп, денесін блендермен ұсақтаған
794
Швейцарияда сұлулық байқауының финалисті 38 жастағы Кристина Йоксимович айуандықпен өлтірілді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі New York Post сайтына сілтеме жасап.
13 ақпанда Кристина мерт болды. Оның денесінің бөліктері Базель қаласында табылды. Сөйтсе оны 41 жастағы күйеуі Томас өлтірген екен. Жұптың екі қызы бар.
Психикалық ауытқу мен патологиялық қызғаныш салдарынан Томас әйелін тұншықтырып өлтірген. Ұсталып қалмас үшін ол мәйітті ұсақ бөліктерге бөліп, кейбір бөліктерін блендермен ұсақтап, содан кейін химиялық затпен еріткен.
Ер адам полицияға әйелі оған пышақпен шабуылдағандықтан, өзін қорғау үшін өлтірдім деп ақталды. Бірақ сараптама бұл нұсқаны жоққа шығарды.