Шығыс Қазақстан облысында қар жауды

Фото: golos-naroda.kz

Жаңалықтар
381

Былтыр тамыз айында қар түссе, биыл 18 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қатонқарағай ауданына қарасты Өрел ауылына алғашқы қар жауды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ауыл Бұқтырма өзенінің жоғарғы ағысында, сол жағалауында орналасқан. Ол арқылы Үлкен Нарын-Рахманов бұлақтары автожолы өтеді.

Катонқарағайда түнде температура -2 градусқа дейін төмендеген, ал күндіз +13 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды.

Айта кетсек, былтыр Шығыс Қазақстан өңіріне алғашқы қар тамыз айында жауған болатын. Таңғы уақытта Белуха тауының маңына түскен. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...