Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы Олимпиада комиссиясының төрағасы болып сайланды
Фото: Тұрар Қазанғапов
317
Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин Халықаралық бокс федерациясы (World Boxing) Олимпиада комиссиясының төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Геннадий Головкин World Boxing ашықтығын қамтамасыз ету үшін халықаралық спорт ұйымдармен бірлесіп жұмыс істейді. Сондай-ақ ол боксты Олимпиада ойындарының бағдарламасында қалдырып, World Boxing ұйымын ХОК мойындауы үшін халықаралық Олимпиада комитетімен тығыз әріптестік орнатуы шарт, деп жазылған ҰОК таратқан хабарламада.
Айта кетейік, World Boxing былтыр сәуірде құрылған. Қазір ұйымға әлемнің 44 еліндегі ұлттық федерациялар мүше.