Нұр-Сұлтанда балалар инклюзивті театры жұмысын қайта бастады. Аутизм, сал ауруына шалдыққан, арнайы...
Тарихи маңызды қадам
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда бүкілхалықтық президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді. Бұл шынында да өте маңызды саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар қажетті іс деп ойлаймыз Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда бүкілхалықтық президенттік сайлау өтетінін мәлімдеді. Бұл шынында да өте маңызды саяси, әлеуметтік, тарихи маңызы бар қажетті іс деп ойлаймыз
Себебі әр нәрсеге айқындық керек. Мемлекетте билік алмасқан кезде уақытша басқару да тарихи қажеттіліктен туған. Ал енді бүкілхалықтық заңды сайлау өткізудің, заңды президент сайлап алудың дәл осы жерде тарихи мәні бар. Біздің Қазақстан осы жылдар ішінде экономика, саяси, мәдени, өркениет жағынан үлкен жетістіктерге жеткен болса, оны әрі қарай дамыту, белгіленген межелерге жеткізу де алда тұрған міндет. Соған егемен еліміздің дамуын ұштастырып әрі қарай үлкен биіктерге қол жеткізуге көзделген мақсат-мұраттар бар. Осы орайда сайлау үлкен рөл атқаратынын, Қазақстан ішкі тұрақтылығы арқылы көршілердің, бүкіл әлемнің таңданысын туғызып отырғанын байқаймыз. Сыртқы саясатта да Қазақстанның беделі жылдан-жылға өсіп келеді. Озық елдермен терезесі тең жағдайға жеттік.
Бұл сайлаудың демократиялық, әділ, таза өтуіне мен өзім кепіл боламын деген президент сөзі көкейіме қонды. Бұл – «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді» деген қазақтың мақалын келтіре отырып айтқанда, халықтың жағдайын ойлап отырғаны да көрініп тұр. Ел бірлігі, ынтымағы бұзылмасын деген ойларға қосылмайтын адам жоқ. Қаламгерлер – қашанда халықтың, елдің тұтастығын ойлайтын халық. Саяси партиялардың да таянышы, тірегі – халық. Партиялардың өзі бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ауызбіршілікте болғанын қалаймыз, әрине.
Осы сайлау біздің еліміздегі демократияның қандай деңгейде екенін жалпақ әлемге танытады ғой деген ойдамыз. Қалай болғанда да біздің ел, халық, мемлекет өзінің өркениетті жолдағы ел екенін осы сайлауда бір көрсететін болады.
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма төрағасы