Мемлекет басшысы сот отырысының онлайн көрсетілгеніне қатысты пікір білдірді

Фото: Akorda.kz

Жаңалықтар
206

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанда сот отырысының онлайн көрсетілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Биылдан бастап сот отырысы онлайн режимде көрсетіле бастады. 2 сот процесі көрсетілді және сот жүйесінің ашықтығының арқасында миллиондаған адам сол сәтте бақылай алды. Бұл жағдай азаматтарымыздың үлкен сенімін оятады. Бұл – бұрын болмаған жаңашылдық, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан судьялардың IX съезінде.

Президенттің пікірінше, судьялар мен прокурорларға талап күшейген. Олардың әрекетін еліміздегі барлық азамат ашық көре алған. Бұл онлайн сот процесінің ұтымдылығын көрсетеді.

Жастар тарапынан заңгер мамандығына деген сұраныс артып келеді. Бұл біздің қоғам үшін өте маңызды. Өйткені, жас ұрпақ осындай жоғары білікті судья бола алатынын көре алады, - деді мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев судьялардың біліктілігін арттыру маңызды екенін атап өтті.

Сот процесін онлайн өткізу азаматтардың құқықтық сауатын арттырады, заң мен құқық үстемдігін күшейтеді. Судьяларды іріктеу мен біліктілігіне ерекше назар аударуымыз керек. Бұл істерді қарау үшін маңызды. Себебі, заңдың үстемдігін ғана емес, сот төрелігін іске асыру сапасын да қамтамасыз ету керек. Сондықтан бізге жоғары білікті адал кадрлар қажет, - деді мемлекет басшысы.

Айта кетейік, 2024 жылы қазақстандықтар бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевқа қатысты қылмыстық істі онлайн бақылай алды. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...