АЭС-ті кім салады? - Қасым Жомарт Тоқаев жауап берді

Сурет: Ақорда

Мемлекет басшысы
95

АЭС құрылысы жөнінде оң шешім қабылданып жатса, оны кім салатынын туралы Президент Қасым Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы АЭС бойынша референдумда дауыс бергеннен кейін БАҚ өкілдеріне шағын сұхат берген Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті.

«Егер референдум қорытындысында Қазақстан азаматтары АЭС құрылысына қатысты мәселеге қолдау білдірсе, онда оны кім салады?» - деп сұрады брифингке жиналған БАҚ өкілдері.

Мемлекет басшысы бұл мәселенің күрделі екендігін атап өтті.

«Үкімет сараптамамен айналысып, тиісінше келіссөздер жүргізуі қажет. Дегенмен, бұл - мәселеге қатысты менің жеке көзқарасым. Қазақстанда ең озық технологияларға ие әлемдік компаниялардан тұратын халықаралық консорциум жұмыс істеуі тиіс. Бірақ, бұнан арғыны өмір көрсетеді», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...