«Бізге чемпиондар керек»: Жәнібек Әлімханұлы кімдермен жұдырықтасқысы келетінін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Спорт
65

Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кез-келген жерде, кез-келген боксшымен жұдырықтасуға дайын екенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Бұл туралы боксшы әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. Жәнібек Әлімханұлының сөзінше, келесі жекпе-жегі ақпан айына жоспарланған екен.

«Бізге чемпиондар керек! Төрт титул керек! Чемпиондар қашса, қорықса олар чемпиондар емес! Ал ақша үшін бокстасса ол спортшы емес, бизнесмен! Мен әлі де келесі жекпе-жегім Адамес не Ларамен болады деп үміттенемін! Командам қазір үлкен келіссөздер жүргізуде. Егер чемпиондар келіспесе, екі титулды қайта қорғаймыз! Бұйыртса келесі жекпе-жегім ақпан айында өтеді деп жоспарлануда! Чемпиондық жекпе-жек болады немесе WBO міндеттеген қарсыласпен өнер көрсетеміз!»,  - деді Жәнібек Әлімханұлы Instagram желісіндегі парақшасында.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Сәкен Майғазиев сазгер Арман Дүйсеновтың ұлын ақтық сапарға шығарып салғанын айтты, деп...

Қоғам

Алматы облысы Талғар қаласындағы болған оқиғаға қатысты күдікті деп танылғандардың қазіргі жағдайы т...