Парижде өтіп жатқан жазғы Олимпиада ойындарының 5 тамызға арналған жарыс кестесі шықты. Бүгін 5 қаза...
Геннадий Головкин шаршы алаңға қайта шығады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Ұлттық олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин кәсіпқой бокстан әлі кетпегенін мәлімдеді, деп жазады madeniportal.kz тілшісі stan.kz сілтеме жасап.
Жыл басында Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болып тағайындалған Геннадий Головкин қолғабын әлі шегеге ілмегенін, оңтайлы сәтте шаршы алаңға қайта оралатынын айтты.
“Мен ешқашан мансабымның аяқталғаны туралы айтқан емеспін. Менің жаңа қызметім бар. Бірақ зейнетке әлі шыққан жоқпын. Отбасыммен бақытты сәттерді өткізіп жатырмын. Спортпен шұғылдануды тоқтататын ойым жоқ, себебі одан ләззат аламын. Егер оңтайлы мүмкіндік туса, шаршы алаңға қайта шығамын", – деді GGG.
Айта кетейік, Геннадий Головкин соңғы жекпе-жегін 2022 жылдың қыркүйегінде Сауль "Канело" Альвареске қарсы өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімі бойынша жеңіліп қалған еді. Бұл қос спортшы арасындағы “трилогия” болды.