Алматы облысы Талғар ауданының жедел жәрдем дәрігерлері жүрегі тоқтап қалған науқасты ажалдан арашал...
Алаяқтар «Халық заңгері» республикалық акциясының атауын пайдаланып жүрген
Сурет ашық дереккөзден алынды
Алаяқтар жалған бейнероликтерді интернетте таратып, Қазақстан азаматтарының басым көпшілігін адастыруға ұмтылуда, деп хабарлады madeniportal.kz.
Жасанды интеллект технологиясымен жасалған бұл материалдар мессенджерлер мен әлеуметтік желілер арқылы таратылуда. Алаяқтар адамдарды ақылы негізде адвокатпен байланысу үшін сілтемелерді басуға және жеке мәліметтерін беруге үгіттейді.
Бейнежазбалар монтаждық кадрлардан құралып, жалған дыбыспен сүйемелденген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Халық заңгері» акциясы аясындағы барлық заң консультациялары тегін негізде берілетінін еске салады. Бұл азаматтық қоғамды дамытуда, құқықтық сауаттылықты арттыруда және халыққа заңгерлік көмек көрсетуде маңызды рөл атқарады.
Айта кету керек, «Халық заңгері» республикалық акциясы тек офлайн форматта өткізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі халықты жалған ақпараттарға сенбеуге, күмәнді сілтемелерге өтпеуге, сондай-ақ қаражат аудармауға шақырады.