Шалбарын жыртып, өлтіремін деп қорқытқан

Фотосурет ашық дереккөзден алынды

Қылмыс
464

Ақтөбе облысында күйеуінен қорлық көріп келген әйел мас күйеуінің пышақтап тастады. Сот әйелді 8 жылға бас бостандығынан айырды, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі inbusiness.kz сілтеме жасап.

Қанды оқиға Ақтөбе облысы Алға ауданы Тамды ауылында болған. 47 жастағы ауыл тұрғыны күйеуінің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып өлтірген. Оқиға болған күні кешке ол күйеуімен шарап ішкен.

"Күйеуімнен жатуын өтіндім, тиісуін қоймаса, үлкен ұлымды шақырамын, сонымен бірге анама кетемін деп айттым. Үлкен ұлым басқа некеден. Ол “ұлың бірдеңе деп көрсін, ішегін бұрап тастайтын” деп айтты. Содан соң шалбарымды жыртып, өлтіремін деп қорқытты. Сол кезде ашуланып, оған пышақ сұға бастадым", – деді әйел.

Күйеуін өлтірген әйел көршісінен жедел жәрдем мен полиция шақыруын сұраған.

"Шошып кеттім, қанды көргенде не істегенімді түсіндім, күйеуім жедел жәрдем шақыруды өтінді. Есік ішінен кілтпен жабылған, оны таппағасын терезе арқылы сыртқа шықтым. Менің өтінішім бойынша көршім жедел жәрдем мен полиция шақыртты", – деді әйел.

Сотталушы күйеуінің ашушаң, агрессивті болғанын, жиі ішімдік ішіп, жанжал шығаратынын, тіпті күш көрсетіп, қорқытқанын айтты. Әйел оның ашуын одан әрі тудырмас үшін полицияға жүгінбепті.

Марқұмның әпкесі сотта келіні туралы жаман ештеңе айта алмайтынын, оның бұл әрекетін түсінетінін айтты. Келінін шартты түрде соттауды сұраған.

"Ағамның үйіне барғанда, келінімнің денесі көгеріп, ісіп жүргенін көрдім. Мұны ағам істегенін түсіндім, бірақ ол “құлап қалдым” деп айта салды. Мен келінімді түсінемін және кінәламаймын, оған ешқандай шағымым жоқ, оны шартты түрде соттауды сұраймын", – деді ол.

Сот күйеуін өлтірген әйелді 8 жылға бас бостандығынан айырды. Олардың ортақ ұлын әжесі қамқорлыққа алды.

Спорт

Қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов 67 келіге дейінгі салмақта Азия чемпионатының жартылай финалына ш...

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...