Әлеуметтік желіде Алматы қаласы №1 емханасының жанында әйел адамның киімсіз мәйіті табылғаны туралы...
Баспагер Бақытжан Бұқарбайдың үйін полиция бақылауға алды
Сурет: https://azattyq-ruhy.kz
Бұл туралы AmalBooks баспасының жетекшісі Бақытжан Бұқарбай әлеуметтік желіде жазды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Бұған аталмыш баспада шығарылған Иван Кирилловтың «Как управлять казахами» кітабына қатысты туындаған резонанс себеп болып отыр. Естеріңізде болса, блогер және продюсер Нұрқожа Ерсайын аталмыш кітаптың мұқабасы мен атауын сынға алып, сатылмауын талап еткен еді. Осыдан кейін кітапты шығарушы және сатушы ретінде Бақытжан Бұқарбай желі қолданушыларының сынына ұшырады. Тіпті оған әлеуметтік желі арқылы қоқан-лоққы көрсетіп жатқандар да бар.
«Үйімді күні-түні полиция патрульдейтін болды. Бұл шешімді қабылдаған биліктегі азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Адекватты реакция танытып, қолдау білдіріп жатқан оқырмандарыма да ризашылығым шексіз», - деді Бақытжан Бұқарбай.