Белгілі актриса Айгүл Иманбаев рухани дағдарыста жүргенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz. Акт...
«Жаман нәрсе айтқан жоқпын»: Индира Елемес Арман Дүйсенов жайлы берген сұхбаты үшін басы дауға қалды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Әнші Индира Елемес «Астарлы ақиқат» бағдарламасында Арман Дүйсеновтің әншінің жертөлесінде жан тапсырғанын айтқан болатын. Кейін осы сұхбат үшін халық сынына қалғанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz oinet.kz-ке сілтеме жасап.
Жақында қаза болған сазгер Арман Дүйсеновтің ұлы «Астарлы ақиқат» бағдарламасында әкесі туралы айтылғанын қаламаған, деп хабарлады
Әнші Индира Елемес бұл сұхбатқа ұялғанынан келіскенін айтты.
«Мен негізінде, бір Алла куә, барғым келген жоқ ол жерге. Менің студиямда үш сағаттай күтті. Мен бара алмайтынымды айттым. Бірақ үш сағат күтті… Сонымен, қайтадан енді ұят болды. «Әруағын сыйласаңыз келесіз» дегенге келтірді. Сонымен бардым. Барсам, шынымен де, өзім ғана болдым. Енді «ұят» деген нәрсе бар ғой. Ұялғаннан кейін бардым. Барғанда да, ақиқатын айттым. Мен, не жамандық айттым ол жақта? Ешқандай жаман нәрсе айтқан жоқпын. Отбасын жақсы көреді. Ол – өтірік емес. Ол – рас. Білмеймін, түсінбеймін. Бір Алла өзі реттеп қояды. Мен оған сенемін. Ештеңені де, көңіліме алмаймын. Себебі, мен білемін. Арым таза!»,- дейді Индира Елемес.
Индира Елемес әлеуметтік желідегі сын мен айыптаулардан жүрегінің қатты жараланғанын айтты. Тіпті, бірнеше күн бойы күйзелісте болған.
«Енді басыма тиіп жатыр. Ешкімге қатты жаным ашып, тіпті бір жақсылық жасап тастауға болмайды екен… Осы уақыт, осы жасқа дейін ешкімге кедергімді тигізген жоқпын. Керісінше жақсылығымды жасамасам, жамандық жасап көрмегем. Ол жағдайды мен жібердім. Өйткені мен білемін. Жүз пайыз. Менің арым таза. Шынымен, Алла тағала өзі реттейді. Оның себебі неде екенін. 50/50 болып жатыр. Бірақ осы жақын арада себебі нақты айтылады. Айтылған кезде, сол жазған көптеген пікірлерге, білмеймін адамдар, сондай зұлым адамдар, қалай сондай нәрсе жазады. Үш-төрт күн үйде жатып қалдым. Бірақ, сосын мен не үшін былай жатуым керек дедім. Не істеп қойдым деген секілді. Алдағы уақытта тек қана…»,- дейді әнші.