«Мамандығымды ауыстырамын»: Айгүл Иманбаева рухани дағдарысқа ұшырығанын айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1030

Белгілі актриса Айгүл Иманбаев рухани дағдарыста жүргенін айтты, деп хабарлады madeniportal.kz.

Актрисаның сөзінше, іштегі күйзелістің әсерінен мамандығын өзгертуге бел байлапты. Басқа мамандық игеруді бастап кеткенін де жасырмады.

«Түбегейлі мамандық ауыстыру ойда бар. Егер мен басқа бағытқа бет бұрсам, басқа мамандықты меңгерсем, таңқалмаңыздар. Шынымен де адам баласының қолынан бәрі келеді. Біреулер, менің бітіргенім басқа менің қолымнан не келеді, деп қателеспеңіз. Бастағы нейрондарды оятып, қайтадан студент атанып, қайтадан білім алып, қайтадан басқа мамандықты меңгеру процесі басталып кетті», - деді Айгүл Иманбаева Instagram желісіндегі парақшасында.

 

Шоу-бизнес

Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова жаңа жылдық әннің әуезімен әуежай алдында биледі, деп хабарлады madenipo...

Жаңалықтар

Жетісу облысында Алакөл аудандық сотымен Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығ...