"Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңе қалдырыңдар". Баян Алагөзова Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады

Фото: inbusiness.kz

Шоу-бизнес
433

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы әлеуметтік желіде дін жайлы пікір айтқан әнші Ұланғасыр Қамиге ескерту жасады, деп хабарлайды madeniportal.kz  inbusiness.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Продюсер әншіге "Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады. Сендердің сөздеріңде, киімдеріңде емес" деп жөн сілтеді.

"Халық алдында жүрген адам әр сөзін абайлап айтуы керек. Дінге қатысты көзқарастарыңды өздеріңе қалдырыңдар. Құдай, иман дегендер әркімнің жүрегінде болады. Сендердің сөздеріңде, киімдеріңде емес. Меккеге барып, құлшылық жасап фото саласыдар. Кейін іш киімммен жүргендеріңді көрсетесіңдер. Мұндай оқиға бірінші рет болып тұрған жоқ", – деп жазды продюсер.

Айта кетейік, “Балқия”, “Қызыл раушан” әндерінің авторы Ұланғасын Қамидың тұрмыстағы зорлық-зомбылыққа қатысты айтқан пікірі дау туғызып, бұған дейін "Әлеуметтік араздықты қоздырды" деп әншінің үстінен арзы түскен еді.

Жаңалықтар

Талдықорғанда із-түзсіз жоғалып кеткен ер адам бір күннен кейін өртенген көліктің ішінен өлі табылға...

Жаңалықтар

Қазақстандық 18 жастағы азамат “Қырымға соғысқа барамын” деген хабарламаның салдарынан ш...