Хит болған дубай шоколадын жейміз деп, алаяқтарға желініп қалғандар шағым түсірді

Фото: ашық дереккөзден

Жаңалықтар
315

Астанада алаяқтар танымал Дубай шоколадтарын сатамыз деп ақша жымқырған, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Елорда полицейлері интернетте қымбат дубайлық шоколадты жарнамалаған алаяқтарды анықтады. 

Олар Instagram әлеуметтік желісінде шоколадты нарықтық бағадан төмен ұсыну арқылы көп адамды қызықтыруға тырысқан. Осылайша, жергілікті тұрғындардың бірі алаяқтармен хат алмасып, төлем мен жеткізу жолдарын талқылап, шамамен 15 мың теңгеге бір плитка шоколадқа тапсырыс берген. Ақшаны банк картасына аударғаннан кейін, алаяқтар оны бұғаттап тастаған. Жәбірленуші алданғанын түсінген соң, полицияға жүгінген – делінген полиция таратқан ақпаратта.

Осындай шағыммен 5 жәбірленуші жүгінген. 

Байқоңыр ауданының криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында танымал дубайлық шоколадты сату желеуімен адамдарды алдап, пайда тапқысы келген жас жігіттерді ұстады. 

Тергеу барысында ұсталғандар өз кінәсін мойындады. Алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Қазіргі уақытта олардың осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. 

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...