Қырғызстанда таудағы қар көшкіні болды

Фото: el.kz

Жаңалықтар
237

Қырғызстанда таудағы қар көшкінінен алты адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz El.kz ақпарат агенттігі.

Қаныш-Қия ауылының 14 тұрғыны және бір шетел азаматы 9 қазан күні тауға сирек кездесетін өсімдіктің тамырын іздеп шығып, жоғалып кеткен. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде 16 қазанда сегіз адам аман-есен табылған.

Қырғыз Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз орталығының мәліметінше, 18 қазанда Жалал-Абад облысының Чатқал ауданы Ақ-Сай маңындағы қар көшкіні кезінде жоғалып кеткен үш адамның денесі табылып, тікұшақпен Құмбел ауданындағы штабқа жеткізілді. Құтқарушылар олардың денесін полиция қызметкерлері мен туыстарына тапсырды.

Бүгін таңертең із-түзсіз жоғалған қалған үш адамның мәйіті табылды. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...