Мырзатай Жолдасбеков Мемлекет басшысының «Ұлы даланың жеті қыры» атты бағдарламалық мақа...
Каспий теңізінде бір емес екі рет жер сілкінді
Фото: ашық дереккөзден
238
Жер сілкіністері бір-біріне жақын жеті сағаттық айырмашылықпен тіркелді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
lada.kz сайтының мәліметінше, бұл туралы Әзербайжан Ұлттық ғылым академиясының Республикалық сейсмологиялық қызмет орталығы мәлімдеген.
Мамандардың айтуынша, магнитудасы 3,1 болатын алғашқы жер сілкінісі 19 қазанға қараған түні, таңғы сағат 02:02-де тіркелген.
Дәл осындай магнитудадағы екінші дүмпу түскі сағат 11:39-да болды.
Екі жер сілкінісінің ошағы да 68 шақырым тереңдікте жатыр.
Бірінші эпицентрдің координаттары – 40°35′24 с.е, 51°40′48 ш.б. Екіншісі – 40°26′24 с.е, 51°55′48 ш.б.