Ұлттық ұлан жансақтау бөлімінен шыққан сарбазға мүгедектігін рәсімдеуге көмектеседі

Фото: Адам құқықтары және заңдылықты сақтау жөніндегі қазақстандық халықаралық бюро

ЖАҢАЛЫҚТАР
3200

Ұлттық нейрохирургия орталығы Ербаян Мұхтарды жарты жылдан астам жансақтау бөлімінде жатқаннан кейін үйіне шығарғанын, оны ешбір аурухана тіркеуге және мүгедек ретінде есепке алмай отырғанын жазған болатын, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Қазір ауыр жарақат алып, жансақтау бөлімінен шыққан https://www.instagram.com/reel/C-5265pNg-k/?igsh=MXFrOHMxcm40NnA0cQ== қатардағы Ербаян Мұхтар мүгедектік құжатын рәсімдеуге дайындалып жатыр.

Оның жарақат алу фактісі бойынша ҚР ҚК 440-бабының 3-бөлігінің 4-тармағы бойынша уставтық ережелерді бұзу арқылы денсаулығына ауыр зиян келтіру фактісімен қылмыстық іс қозғалды.

Ербаянның жақындары тергеу ісінің тоқтап тұрғанына наразы болған. Ал осы жолға мәлімдемесінде ІІМ тергеу барысы қатаң қадағалауда тұрғанын айтты.

Біз бұл мәселені көтергеү соң, денсаулық сақтау министрлігі мен Ұлттық ұланның әскери-медициналық басқармасы Ербаянның мүгедектігін рәсімдеуге көмектесіп жатыр. Сонымен қатар, Ұлттық ұлан Ресейдің медициналық институттарына және Түркия елшілігіне кеңес алу мен ауруханаға жатқызу мәселесі бойынша өтінішпен жүгінді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мұғалімдер енді мәселесін бір қоңыраумен жеткізе алады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейм...

ЖАҢАЛЫҚТАР

12 жылға бас бостандығынан айырылған Жамбыл облысының бұрынғы әкімі Кәрім Көкірекбаев денсаулығына б...