Белгілі спортшы алматылық қызды соққыға жықты деген күдікке ілінді

Ашық дерекөзден алынған

Қоғам
84

Алматылық тұрғын оны белгілі спортшы соққыға жыққанын мәлімдеді. Полиция бұл дерекке қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды madeniportal.kz  massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл жайлы ақпарат телеграмда пайда болды. Алматылық қыздың сөзінше, оны су добы бойынша спорт шебері соққыға жыққан.

Алматылық қыз орта дәрежедегі жарақаттар алғанын айтады. Бостандық ауданының полиция басқармасы бұл дерекке қатысты қылмыстық іс қозғағанымен тергеуші жарты жылдан бері шара қолданбай отырған көрінеді. 

Бұл дерекке қатысты Полиция департаментіндегілер пікір білдірді. Бостандық ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғап, тергеу шаралары жүргізіліп жатыр екен. 

"Тергеу нәтижесі бойынша кінәлі адам анықталып, жауапқа тартылады. Іс материалдары сотқа беріледі", - делінген хабарламада. 

Оқиға

Бұл туралы құқыққорғаушы Бауыржан Азанов фейсбук парақшасында жазды, деп хабарлады madeniportal...

ТАҒАЙЫНДАУ

Шерзаттың ісінен кейін үлкен резонанс туды. Атышулы Талғар ауданына жаңа прокурор тағайындалды, деп...