Белгілі әнші Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты жақсы жаңалық айтты

Фотосурет: timeforcook.ru

Қоғам
756

Қазақтың маңдай алды әншісі Димаш Құдайберген тіл жанашыры ретінде халыққа қуанышты жаңалығымен бөлісті. Димаш Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамы тұңғыш рет Oxford Qazaq Dictionary сөздігін шығарғанын атап өтті, деп хабарлайды madeniportal.kz

Димаш Құдайберген қазақ тіліне қатысты жақсы жаңалық айтты

Әншінің мәлімдеуінше сөздік 4 жыл бойы құрастырылып, оған Қазақстандағы кәсіби лингвистер мен ғалымдар, білікті аудармашылар мен редакторлар, жалпы 50-ден аса маман қатысты.

Бұл – 60 мыңнан аса сөз қамтылған, жалпы 1300 беттен тұратын үлкен еңбек. Сөздікті жасауда дүние жүзіне танымал Oxford сөздігін құрастыру әдістемесі мен технологиясы негізге алынған. Әлемдегі аса беделді Oxford University Press баспасының қолдауы және ресми қатысуымен басылған. Ағылшын тілінің белсенді қолданушысы ретінде сөздікпен танысуға, оны күнделікті пайдалануға шақырамын! Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының бастамасына сәттілік тілеймін! Тіліміздің мәртебесі мен қолдану аясын кеңейтетін осындай аса маңызды, нақты жобаларға қолдау білдірейік, - деп жазды Димаш Құдайберген.

Жаңалықтар

Келесі жылдан бастап Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорынан төленетiн әлеуметтiк төлемдердiң мөлш...

Жаңалықтар

Ауыл шаруашылығы министрлігі желіде трендке айналған "Шайн мускат" жүзімінде ағзаға зиянды зиянкес т...