ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтуынша Ресейдегі "Крокус Сити Холл...
LRT-ның барлық эстакада тіректері сәтті орнатылды
Фото: clrt.kz
Астанада жеңіл рельсті транспорттың (ЛРТ) барлық эстакада тіректері сәтті орнатылды. Бұл туралы қала әкімі Жеңіc Қасымбек үкімет басшысымен кездесуде мәлімдеді, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап.
Енді 2024 жылдың соңына дейін станциялардың темірбетон конструкцияларын аяқтау жоспарланған. 2025 жылы құрылысшылар рельстерді төсеу, станцияларды безендіру және депо құрылысына кіріседі.
Сонымен қатар, Қабанбай батыр даңғылы мен Қалдаяқов көшесіндегі эстакада астындағы аймақты абаттандыру ісі де қолға алынды.
Бүгін Қазақстанның Премьер-Министрі Олжас Бектенов Астанадағы көптен күткен жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасының құрылыс барысын қарап шықты. Қала әкімі Жеңіс Қасымбектің айтуынша, эстакада арқалықтарын орнату жұмыстары аяқталған. Ал 2024 жылдың соңына дейін темірбетон конструкцияларын салу жоспарланып отыр.
LRT құрылысында қытайлық жетекші компаниялар ең жаңа технологиялық шешімдерді қолдануда. Олардың айтуынша, жобаның негізгі ерекшеліктерінің бірі — жүргізушісіз пойыздардың іске қосылуы, бұл жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын арттырады.
Ұзындығы 22,4 шақырым болатын жүйе 18 станцияны қамтиды және жолаушылар ағымы ең көп дегенде тәулігіне 92 мың адамға дейін жетеді деп отыр. Ал пойыздар қозғалысының аралығы небәрі 4-5 минут болады. Үкімет құрылыс 2025 жылдың соңына дейін толық аяқталып, көлік желісі іске қосылады деп отыр.
Еске сала кетсек, бұған дейін Қытай Халық Республикасының Мемлекеттік даму банкінің топ-менеджерлері сыбайлас жемқорлыққылмыстары үшін тергеуге алынған болатын. Қытайлық қаржы институты атышулы Астана жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасын қаржыландыруға қаржы бөлген еді. ЛРТ құрылысына 2016 жылдан 2022 жылға дейін 1 млрд доллардан аса қаржы кеткен. Сонымен қатар, жыл сайын оның қарызын жабу үшін 3,5 млрд теңге жұмсалды. 2022 жылы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі атышулы ЛРТ құрылысын аяқтауға қаржы бөлді.
«Дирекция по строительству LRT» ЖШС-ң аудиттелген қаржылық есебіне қарасақ, шығындардағы ең үлкен үлесті (65%) еңбек шығындары алады. Өткен жылы бұл мақсаттарға 145,8 миллион теңге жұмсалған. Бұл ретте 2021 жылға орташа есеппен 40 адам болған. Осылай, бір қызметкердің орташа айлық жалақысы 300 мың теңге болған.
Еске салайық, бұл дирекция Астана қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 31 желтоқсандағы қаулысымен оның 100 пайыз қатысуымен құрылған болатын. Жарлыққа сәйкес серіктестіктің негізгі қызметі жобаларды басқару бойынша консалтингтік қызмет көрсету. Серіктестік өз қызметін LRT жобасының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілгенге дейін жүзеге асырады.
Кірістің негізгі бөлігі осы ЖШС, CTS және China Railway Asia – Europe Construction Investment Co арасындағы үш жақты келісімге сәйкес қызметтерді көрсету есебінен қалыптасады. 2021 жылы негізгі қызметтен түскен кіріс 224 млн теңген болды. Оның 145,8 миллион теңгесі қызметкерлердің жалақысына, 35 миллионы үй-жайды жалға алуға, 9,8 миллион теңгесі көліктерді жалға алуға кеткен. Бас директор қызметін атқарушы – Бақыт Қарсақбаев. Қаржылық есептілікке 2022 жылдың 27 наурызында қол қойылды.
Жалпы 799 тірек тұрғызылды. Оларды құю үшін 53,7 мың текше метр бетон жән 42 мың тонна арматура жұмсалды. Жоба бойынша «Нұрлы жол» вокзалынан әуежайға дейін созылатын ЛРТ қаланың негізгі көшелерін басып өтеді. Кептелісті жеңілдететін жеңіл рейсті көліктің ұзындығы 22,4 шақырым болмақ.
Бұл атышулы құрылыс салынып болғанша, оған қатысты біраз елді дүрліктірген оқиғалар болды. 24 қыркүйекте Нәжімеденов көшесіндегі ЛРТ құрылыс нысанында 38 жастағы ер адамның асылған күйдегі денесітабылды. Ал 8 тамызда Астанада жүк көлігінің тіркемесі Shacman ЛРТ құрылымына соғылып, үш жаяу жүргінші зардап шекті.