ДИМАШ ҚҰДАЙБЕРГЕН ХАЛҚЫНА «АРНАУЫН» ТАНЫСТЫРДЫ

Жаңалықтар
1176

 Әнші Димаш Құдайберген Instagram парақшасында елордада өтетін «Арнау» атты концертін таныстыратын шағын видеосын жария етті деп хабарлайды madeniportal.kz.

«Димаш Құдайберген! Қазақстанның біртума дарын иесі. Әлем бойынша миллиондаған тыңдарманның жүрегін жаулаған Димаш «Арнау» атты жаңа шоу ұсынады. Оның дауысы - импульс. Шабыттандырады, қуаттандырады. Көрерменді айрықша дауыс диапазонымен, ауқымды шоу күтеді», -  делінген видеожарнамада.

Айта кету керек, «Арнау» атты концертінің қашан өтетінін әнші осы жылдың басында жариялаған болатын. Концертті бірнеше шетелдік  телеарна көрсететін болады.

«Шетелдік телеарналар мен телерадиокорпорациялар әртүрлі сұраулар жолдап жатыр. Астанада өтетін осынау концерт бірнеше шетелдік телеарна арқылы таралады. Сол себепті, аудитория үлкен. Ұйымдастыру жұмысын кең ауқымда жүргізгелі отырмыз. Өз елінде, өз алаңында, мыңдаған фанаттарының алдында өтетін Димаштың концертіне орай қолдауларыңызды сұраймыз», - деген еді елордада өткен баспасөз мәслихатында Ерлан Қарин.

Жаңалықтар

Алматы қаласының қылмыстық істерді қарайтын мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іс бойынша...

Жаңалықтар

Бұған дейін хабарлағынымыздай, Алматыда екі оқушы қыз биік үйден құлап өлген еді. Марқұм балала...