Ирина Болгар telegram негізін қалаушы Павел Дуровтың ата-ана құқығынан айырылғанын айтты, деп хабарл...
Алматыда мопед мінген баланы экскаватор басып өлтірді
Фото: ашық дереккөзден
Алматыда экскаватор мопед мінген баланы басып өлтірді, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Ақпаратты Алматы полиция департаменті растады.
Жергілікті полиция қызметінің кезекші бөлімі хабарлағандай, ЖКО бүгін сағат 08:10-да Алматы қаласының Алатау ауданында болған.
15 жасар бала Алғабас шағын ауданындағы Доспанов көшесімен солтүстік бағытта мопедті басқарып келе жатып," Шевроле" маркалы автокөлікпен соқтығысқан. Салдарынан мопед аударылды. Соқтығысу кезінде жолға құлаған мопедтің 16 жастағы жолаушысын экскаватор мыжып кеткен, - деп хабарлады полиция.
Өкінішке орай, жасөспірім алған жарақаттарынан қайтыс болды.
Жыл басынан бері мопедтердің қатысуымен 743 ЖКО орын алып, 14 адам қаза тапты, - деді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.
Әзербектің айтуынша, жыл басынан бері 31 мың мопед жүргізушісі мен 28 мың электр скутер жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Адам өліміне әкеп соққан ЖКО фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.