17 жастағы жігіт бір үйдің 2 қызына тиіскен

Фото: freepik

Жаңалықтар
357

Ақтауда 17 жастағы жігіт лифтіде 5 және 13 жастағы қыздарға тиіскен, деп хабарлайды  madeniportal.kz.

Қыздардың анасының айтуынша, бұл жағдай 11 қазанда болған екен. Жігіт қыздарды кіреберісте күтіп тұрған, содан кейін олармен бірге лифтке кірген. Лифт ішінде жігіт үлкен қызын ұстай бастаған. Артынша қыздар көшеге жүгіріп шығып, құтылған. Облыстық полиция оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ведомство оқиғаны растады. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, полицияға жеткізілді. Сексуалдық сипаттағы іс-әрекеттер факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

 

Жаңалықтар

«Борат» рөлімен танымал британдық комик Саша Барон кезекті рет қазақстандықтардың наразы...

Жаңалықтар

Белгісіз біреулер Зерендегі Ұлы Отан соғысының жауынгерлеріне арналған ескерткішті сындырып, ерін да...