Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы» атанды

Сурет ашық дереккөзден алынды

Спорт
94

Абай облысының балуаны Ерасыл Қажыбаев «Қазақстан Барысы-2024» турнирінің жеңімпазы атанды, деп хабарлады madeniportal.kz ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақ күресі турнирінде еліміздің 17 облысы мен Астана, Алматы және Шымкент қалаларының спортшылары бас сынасты.

Финалдық бәсеке белдесуге дейін созылып, Ерасыл Қажыбаев шымкенттік Ерсұлтан Мұзаппаровтан айласын асырып, жеңіске жетті.

Жалпы Ерасыл Қажыбаев осы турнирде төртінші рет финалға шығып, биыл жеңіс тұғырынан көрінді.

Ол чемпионға берілетін 15 миллион теңгеге ие болды.

Турнирдің жалпы жүлде қоры 27 100 000 теңге, оның ішінде 3 720 000 теңге спортшылардың жаттықтырушыларына беріледі. Жүлделер келесідей бөлінеді: 1-орын үшін – 15 000 000 теңге, 2-орын үшін – 3 300 000 теңге, 3-орын үшін – 1 080 000 теңге.

Әр жеңіске жеткен белдесуі үшін палуандарға қосымша 100 000 теңге беріледі.

Шоу-бизнес

Танымал әнші Мақпал Жүнісова желіде жалған ақпарат тарататындар жайлы айтты, деп хабарлады madenipor...

Қоғам

Бишімбаев ісі бойынша мемлекеттік айыптаушы болған прокурор Айжан Аймағанова әлеуметтік желіде өзіне...