Полицейлер қазақстандықтарға тағы ескерту жасады

Фото: gov.kz

Жаңалықтар
203

Алаяқтар өзін әртүрлі қызметтердің - курьер, дәрігер немесе мекеме қызметкері ретінде таныстырып, азаматтарды алдау әрекеттерін жалғастырып жүр, деп хабарлайды madeniportal.kz Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаскөйлер адамдардың сеніміне кіріп, жедел әрекет етуді талап ететін бірнеше түрлі схемаларды қолдану арқылы жеке деректер мен ақшалай қаражатты иемденуді көздейді.

"Ең кең таралған алаяқтық әдістердің бірі – азаматтарға пошта қызметінің курьерлері, медициналық мекемелердің дәрігерлері немесе энергетикалық компания қызметкерлерінің атынан қоңырау шалу. Сондай-ақ, басқа да түрлі мекемелердің қызметкерлері ретінде көрініп, адамдарға шұғыл шешім қабылдау қажеттілігін ұғындыру арқылы алдауды мақсат етеді. Мұндай жағдайларда алаяқтар қызмет көрсету процесін растау үшін азаматтан 1414 нөмірінен келген SMS хабарламаның кодын жазып жіберуді сұрайды. Алайда бұл код іс жүзінде жәбірленушінің банктік шотына қолжеткізу үшін қаржылық операцияларды растауға арналған", – дейді Павлодар облысы полиция департаменті киберқылмыспен күрес бөлімінің бастығы Ризабек Жанат.

Келесі кезеңде жәбірленушіге "банктің қауіпсіздік қызметкерлері" хабарласып, біреудің оның атына несие рәсімдеуге тырысып жатқанын айтады. Өз қаражатын қорғау үшін алаяқтар "қауіпсіз" әдіс ретінде жәбірленушіге несиені өзі рәсімдеуді және ақшаны арнайы "қауіпсіз" шотқа аударуды ұсынады. Нәтижесінде, жәбірленуші алаяқтардың алдын ала белгісіз шоттарына қаражат аударуға итермеленіп, үлкен қаржылық шығынға ұшырайды.

"Полиция азаматтарды қырағылық танытуға шақырады: жеке мәліметтерді бөтендерге бермеңіз, SMS арқылы келген кодтарды ешкімге хабарламаңыз, күмәнді адамдармен сөйлесуден аулақ болыңыз және кез келген күдік туындаған жағдайда дереу банкке немесе құқық қорғау органдарына хабарласыңыз. Есіңізде болсын, банктер мен ресми мекемелердің қызметкерлері сізден ешқашан кіру кодтарын талап етпейді және шұғыл түрде әрекет етуіңізді сұрамайды. Сақ болыңыз, өз қауіпсіздігіңізді өзіңіз сақтаңыз!" - делінген хабарламада. 

Жаңалықтар

Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі алтын, күміс, қорғасын, мырыш және басқа да қатты пайдалы қазба қ...

Спорт

Қазақстандық Шавкат Рахмонов пен ирландиялық Иан Гэрри арасындағы айқасқа екі аптадан сәл-ақ астам у...