Гимнасшы Нариман Құрбанов Париж Олипиадасында тұтқалы ат жаттығуын орындау бойынша сынға түсті, деп...
Осы айда қысқы спорт түрлерінен қандай жарыстар өтеді?
Фото: Туризм жəне спорт министрлігі
Халықаралық қысқы спорт федерацияларының күнтізбесіне сәйкес, жыл сайын қазанның соңы мен қарашаның басында ресми түрде қысқы спорт түрлерінен өтетін жарыстардың шымылдығы түріледі, деп хабарлайды madeniportal.kz Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасап.
Наурыз айына дейін жалғасатын маусымда спортшылар 2026 жылы Италияның Милан және Кортина-д'Ампеццо қалаларында өтетін ХХV Қысқы Олимпия ойындарына берілетін жолдамаларды сарапқа салады. Ал Азия құрлығының мемлекеттері келесі жылы Харбинде алауы тұтанатын Азия ойындарына дайындықтарын пысықтайды.
Назарларыңызға қараша айында өтетін қысқы спорт түрлерінен жарыстар кестесін ұсынамыз:
Қарашаның алғашқы үш күнінде Монреальда (Канада) шорт-тректен Әлем кубогінің екінші кезеңі өтеді. Алғашқы кезең де дәл осы қалада ұйымдастырылған болатын.
31 қазан мен 3 қараша аралығында Бейжіңде (Қытай) шайбалы хоккейден әйелдер арасында, 6-9 қарашада Алматыда ерлер арасында Азия чемпионаты өтеді. Екі біріншілік те тарихта алғаш рет ұйымдастырылып жатқанын айта кеткен жөн.
12-13 қараша – Таллинде (Эстония) мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир;
15-17 қараша – Хатинохада (Жапония) конькимен жүгіруден төрт құрлық чемпионаты;
21-25 қараша – Лиллехаммерде (Норвегия) шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогі кезеңі;
22-24 қараша – Наганода (Жапония) конькимен жүгіруден Әлем кубогі кезеңі, Қытайда мәнерлеп сырғанаудан халықаралық турнир;.
28 қараша – 2 желтоқсан – Рукада (Финляндия) шаңғымен тұғырдан секіру бойынша Әлем кубогі кезеңі;
29 қараша – 1 желтоқсан – Бейжіңде (Қытай) конькимен сырғанаудан және Рукада (Финляндия) шаңғы жарысынан Әлем кубогі кезеңдері;
27 қараша – Рукада (Финляндия) фристайлдан Әлем кубогі кезеңі;
30 қараша – 8 желтоқсан – Контиолахтиде (Финляндия) биатлоннан Әлем кубогінің бірінші кезеңі өтеді.