Қазгидромет мамандары алдағы күндерге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлады madeniportal....
Ауа райына байланысты 14 өңірге ескерту жасалынды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Ақмола облысында дауылды ескерту жасалынды, деп хабарлады madeniportal.kz.
Атырау облысында оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с . Атырау қ: 03 қарашада оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысып жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.
Батыс Қазақстан облысында көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Орал қ.: 03 қараша түнде көктайғақ күтіледі. Жел солтүстік-батыстан, батыстан соғады, түнде екпіні 18 м/с.
Қостанай облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде кей уақытта 23-28 м/с. Қостанай қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Ақтөбе облысының солтүстігінде жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде 15-20 м/с, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі. Ақтөбе қ.: 03 қарашада күндіз жолдарда көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстік-шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі. Ақтау қ.: 03 қарашада тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Қызылорда облысында жел оңтүстіктен соғады, облыстың солтүстігінде күші 15-20 м/с күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), күндіз жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі. Көкшетау қ.: 03 қарашада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, күндіз екпіні 23 м/с күтіледі.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. Семей қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20, екпіні 23 м/с. Өскемен қ.: 03 қарашада оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі.
Павлодар облысының солтүстігінде көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қ.: 03 қарашада күндіз оңтүстіктен жел соғады екпіні 15-18 м/с күтіледі.
Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 23-28 м/с күтіледі.
Астанада оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23 м/с.
Жетісу облысының таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз Алакөл көлдері ауданында екпіні 15-20 м/с.