20 ақпанға арналған ауа райы болжамы

Ауа райы
1851

«Қазгидромет» синоптиктері 20 ақпанға арналған ауа райы болжамын жариялады, - деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ресми мәліметке сәйкес, елдің басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

«Елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуімен қарлы бұрқасын мен қар жауады. Оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, орталықта желдің күшеюі күтіледі, елдің батысында, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман түседі», — делінген ведомство хабарламасында.

Жетісу облысында -30-35 градус, Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында -45 градус қатты аяз болады.


ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...