“Кейбір денелер адам танымайтын күйде”. Ұшақ апатынан қаза тапқандардың бірнешеуіне ДНҚ анализі қажет

Фото: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

ЖАҢАЛЫҚТАР
1969

Әзербайжанның Ақтаудағы бас консулы Айхан Сүлейменұлы өкінішке қарай ұшақ апатынан қаза болғандардың кейбірінің денесі адам танымайтын жағдайда екенін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Болған оқиғаға қатысты тергеу жүргізіліп жатқанын айтқан бас консул қаза болғандардың Әзербайжан азаматтарының денесі екі күннің ішінде Отанына жеткізілетінін хабарлаған. 

– Өкінішке қарай, кейбір денелер адам танымайтын күйде. Қажетті медициналық процедуралардан кейін денелер Әзірбайжанға жіберіледі, - дейді ол.

Айхан Сүлейманов Әзербайжан денсаулық сақтау министрлігі мен бас прокуратурасының қызметкерлері ауруханада жатқан науқастардың жағдайын бақылап отырғанын айтқан.   

– ДНҚ анализі қажет болады. Денелері танылмайтын күйдегі адамдардың жеке басын анықтау үшін белгілі бір медициналық процедуралар жүргізіледі, - дейді ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Бүгін 16 ақпанда Тоқаев пен Путин телефон арқылы сөйлесті. Ресей басшысы Қазақстанға мамыр айында ке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы сумо спортының отаны Жапонияда зор жетістікке жеткен қазақстандық балуан Ерсін Балт...