С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы

КІТАПХАНА
13004

 

Бұл кітапхананың тарихы сонау 1946 жылы «Малая станица» деп аталатын елдімекеннің ауылдық кітапханасы болып құрылудан басталған.

1949 жылдан бастап арнайы Алматы облыстық кітапханасы болып ашылды.

1978-1980 жылдар аралығында облыс көлемінде орталықтандырылған кітапханалар жүйесі құрылды.

1999 жылы облыстық балалар мен жасөспірімдер және облыстық әмбебап ғылыми-көпшілік кітапханаларының кітап қоры қосылды. Алматы облысының орталығы Жетісу өңірінің Талдықорған қаласына көшіп келуіне байланысты 2003 жылдың 28-сәуірінде облыс әкімінің №20 бұйрығымен Алматы қаласынан Талдықорғанға көшіріліп, С.Сейфуллин атындағы Алматы облыстық әмбебап кітапханасы мәртебесіне ие болды.

2003 жылы облыстық кітапхананың екі филиалы ашылды: Алматы аймақтық филиалы мен зағиптар мен нашар көретін азаматтарға арналған бөлім.

Қазіргі таңда облыстық кітапхана мемлекеттік жүйедегі 213 кітапхананың әдістемелік орталығы болып табылады. Кітапханада 44 штат бірлігімен 31 кітапханашы еңбек етеді.

Бүгінгі күні оқырмандарға бірнеше бөлімдер қызмет көрсетеді: абонемент, оқу залы, мерзімді басылымдар бөлімі, Интернет залы, кітап қорын жинақтау, кітап қорын сақтау және әдістемелік бөлімдер.

Облыстық кітапхананың кітап қоры 140 мың дана болса, оның ішінде қазақ тіліндегі әдебиеттер 25 мың дана. Кітап қорын толықтыру мақсатында мемлекеттік тапсырыс бойынша «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында кітапхана қоры толықтырылуда. Сонымен қатар облыстық бюджеттен Жетісу ақын-жазушыларының кітаптары шығарылып, облыс кітапханаларына таратылуда (2006 ж. – 2,0 млн, 2007 ж. – 4,0 млн, 2008 ж. – 20,0 млн). Қазіргі таңда оқырман саны 12 мың.


author

Сәкен Сейфуллин

АҚЫН

Жаңалықтар

Елордалық өрт сөндірушілер Нұра ауданы Қабанбай батыр даңғылында автобустың жануын сөндірді, деп хаб...

Жаңалықтар

Әлеуметтік желілерде қайырымдылық қор құрылтайшысының қаржысын жымдықды деп айыпталып отырған Пери...