Түрлі күмәнді мақсаттарға ақша жинауға 138 банктік карта (краудфандингке) тартылған, деп хабарлайды...
«Хуторлықтардың» басшысы Хасан Қасымбаев қамалды
Сурет ашық дереккөзден алынды
Алматы облысының полиция департаменті Хасан Қасымбаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгіленген, деп хабарлады madeniportal.kz Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, Қонаев қаласының мамандандырылған тергеу соты Қасымбаеввты екі айға қамауға алу туралы қаулы шығарған. Қасымбаев 2 қарашада ұсталған. Қазір ол уақытша ұстау изоляторында.
Ол денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірді және адам ұрлады деген айыпқа ілінген. Мұның бәрі 2021 жылдың маусымында болған оқиғалар.
«Қазіргі уақытта қылмыстардың барлық мән-жайларын жан-жақты, толық және объективті зерттеуді қамтамасыз ету үшін тергеу әрекеттерінің кешені жүргізіліп жатыр. Іс материалдары бұлтартпау шарасын санкциялау үшін сотқа жіберілді», – деп нақтылады полиция.
Алматы облысы полиция департаменті таратқан ақпаратқа қарағанда 2021 жылғы маусымда А. есімді азаматтың денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіріп, сол кісіні ұрлады деген күдікпен бес азамат ұсталғанын хабарлаған. Ұсталғандардың бірі – Хасан Қасымбаев. Оларды Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сот соттап, қазіргі уақытта қылмыскерлер жазасын бас бостандығынан айыру орындарында өтеп жатыр.