Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылының қараусыз қалған ғимаратынан сәбидің денесі табылды,...
16 жастағы қыз кішкентай қызды буындырып, дәретханаға тастап жіберген. Асылымның өліміне қатысты тың дерек шықты
Фото: Бейнежазбадан
Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай әлеуметтік желіде айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Дәретханаға құлап өмірден өткен 3 жасар Асылымның адам қолынан қаза болғаны туралы Гүлмира Әбіқай былай дейді:
"Сұмдық және суыт хабар жетті! Бұған дейін Сарыағашта 3 жастағы Асылымның үш күн бойы табылмай жатқанын және кейін денесі көршісінің дәретханасынан табылғаны туралы жазған едім. Бәріміз сонда шулап едік қой. Ол кезде Сарыағаш аудандық полициясы оқиға адам қолынан болмаған, баланың өзі құлап кеткен дегендей айтқан болатын. Өкінішке қарай, олай емес екен. Қылмысты басқа-басқа емес дәл сол үйге қарама-қарсы тұратын көршісінің 16 жастағы қызы әдейі жасағаны белгілі болды. Іс сотқа кетті. Небәрі 16 жастағы қыз 3 жастағы кішкентай қызды буындырып, тұншықтырып, дәретханаға тастап жіберген. Экспертиза басынан соққы болды деген, бірақ оны құлаған кезде зақымданған деген шешім шығарған болатын. Олай емес екен", – деп жазды ол.