«Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың»: Абай Бегейдің әйелі туыстардан сөз естігенін айтты

Сурет ашық дереккөзден алынды

Шоу-бизнес
1206

Танымал әнші Абай Бегейдің келіншегі Фариза Жұманова туысқандарының сөздерінен шаршағанын айтты, деп хабарлады madeniportal.kz ozgeris.info сайтына сілтеме жасап.

Абай Бегейдің 16 жастағы қызының тұрмысқа шыққанына көпшілік оның әйелінің діни көзқарасын айтып, кінәлаған еді. Жақында Абай Бегейдің үлкен ұлы келіншегімен бөлек шықты. Осы жағдайға да туысқандары әйелін кінәлаған. Әншінің жұбайы жеке парақшасында жылап, жан сырын ақтарды.

«Қасқырдың аузы жесе де, жемесе де қан. Қаншалықты осыған шыдар екем?! Қашып кететін жер бар ма?! Мені барлық нәрсеге кінәлау жеңіл шығар. «Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың» деп ойлауға миы жеткен туыстар, аман болыңдар. Басқа айтарым жоқ. Менің естіген рақметім осы болса, жақсы. Бүгін өзіме қатты жылап, ішкі дүниемді шығаруға рұқсат бердім. Әлеуметтік желі аздай, бүгін жақын адамым мені қатты сындырды. Әр нәрсеге қайыр бар, енді мен одан да мықты боламын», – деп жазды Фариза Жұманова.

Жаңалықтар

Түркияның Ризе қаласында лай көшкіні жүрді, деп хабарлайды madeniportal.kz. ВВС мәліметінше, Чайели...

Жаңалықтар

Ақмола облысы Атбасар қаласындағы тұрғындар жаңа үйдің құрылысына сын тақты, деп хабарлайды mad...