Ғ. Сланов атындағы Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапханасы

КІТАПХАНА
11404

1920 жылы 13 қаңтарда Халық ағарту уездік бөлімі, Гурьевтік революциялық комитет болып құрылып, алғашқы күннен бастап мектептен тыс бөлім құрылады. Бұл бөлімнің өзі үш бөлімшеге бөлініп, кітапхананың уақытша штаты енгізіледі. Осы кезден бастап кітапхана кітаптарды талдаудан өткізіп, каталог құрастыруға кіріседі.

1926 жылдың 15 мамырында қала бойынша уездік кітапхана болып құрылып, кітап қорында барлығы 5600 дана кітап болған.

1927 жылы Орал губерниялық саяси ағарту орталығы кітапхана туралы қаулы бекітеді. Қаулыда кітапханада оқырмандардың кітапқа сұраныс көбейгендігі көрсетіліп, кітаптың жетіспейтіндігі қаралады. Қалалық атқару комитеті 1927 жылдың 13 маусымында орталық кітапхана ашу туралы шешім қабылдайды.

Әкімшілік-территориялық бөліністің өзгеруіне байланысты уездік кітапхана қайта құрылып, 1928 жылы 17 қаңтарда округтік болады. 1930 жылы 17 желтоқсанда аудандық, 1933 жылғы 1 шілдеден қайтадан округтік, 1938 жылдың 12 ақпанынан облыстық кітапхана болып бекітілді. Аудандарда аудандық кітапханалар құрыла бастады. Облыстық кітапхана «Жұлдыз» кинотеатрының бір жағында орналасты, қызметкерлер саны үш-ақ адам еді. 

Кітапхана өзінің кітап қорын кітап сауда мекемелері мен республика қалаларынан почта арқылы алу жолдарымен толықтырды. Негізгі толықтыру облыстық кітапхана коллекторы арқылы жасалды, сондай-ақ, Иваново, Воронеж, Рига, Ставрополь, Тамбов, Львов және Куйбышев қалаларынан әдебиеттер алып отырды. Кітапхана қоры орыс классиктерінің, шетел және кеңес жазушыларының шығармаларымен толықты. 

50-жылдары қаладағы А.Островский атындағы облыстық кітапхана халыққа кеңінен танылған, 1500 оқырманы бар, қаланың орталығындағы кең де ыңғайлы мекен-жайда орналасқан үлкен кітапханаға айналды. Қорында 20000 астам кітап болды және үздіксіз толығып отырды. 

1953 жылы облыстық кітапхананың ішкі бөлімдері, қызметкерлер саны толықты. 1957 жылдың маусымында кітапханада әдістемелік кабинет құрылды.Оның мақсаты аудандық кітапханаларға әдістемелік көмектер көрсету, озық тәжірибелерді тарату еді. 

1959 жылдың басында кітап қорын өңдеу және толықтыру, библиография бөлімдері ұйымдастырылды. 

1968 жылдан бастап ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары штаты қаралды. 

Осы жылы кітапханада абонемент бөлімі қорына жүйелі және алфавиттік каталог жасақталды.Оқу залының кітап қорына жүйелік каталог құрастырыла бастады. 

Кітапхана кеңесінің белсенді мүшелері сол кездегі №9 кәсіптік училище мұғалімі Тютин, дәрігер Крамчанинов, мұнай өңдеу заводының қызметкері Смыслов, Петровский атындағы завод жұмысшысы Ивакин және тағы басқалар болды. 

Кітапхана өзінің тарихында бірнеше рет орын ауыстыруды бастан кешірген. Әуелі «Жұлдыз» кинотеатрында орналасқан одан қалалық саябақтағы ғимаратқа, кейін «Ғалымдар үйіне», одан соң бұрынғы «Неке сарайының» ғимаратына көшірілген. Сөз жоқ, бұл жағдай кітапхананың кітап қоры мен құжаттарының сақталымына кері әсерін тигізбей қалған жоқ. Тек 2007 жылдың аяғына таяу кітапханаға жаңа типтік жобадағы ғимарат салу мәселесі шешілді. 2008 жылдың сәуір айынан бастап қаладағы «Нұрсая» ықшамауданында кітапхана құрылысы басталды. 

1990 жылдары кітапханалар жұмысының басты бағыты Қазақстанның егемендігі мен қазақ тілінің мемлекеттік тіл болып жарияланғандығын насихаттау болды. 

Облыста 255 кітапхана халыққа қызмет көрсетті. 

Облыс орталығы Гурьев қаласының 350 жыл толуына орай өлкетану музейімен бірлесіп «Өз өлкеңді танып, бағалай біл» атты облыстық семинар өтіп, тарихшы ғалымдар мен мәдениет қызметкерлері өзара пікір алмасты. 

1991 жылы облыста 249 кітапхана, 254 213 дана кітап қоры, 181 556 оқырман, 3 094 489 кітап берілімі болды. 

1992 жылы 239 кітапхана халыққа қызмет көрсетіп, аудандарда кейбір елді мекендердегі тұрғын халықтың орталыққа көшуі оқырман санының азаюына әкеліп соқты. Осы жылы кітапхана филиалдары қысқарды. 

Ұлттық мәдениетіміз бен өнерімізді, тілімізді, салт-дәстүрімізді насихаттау мақсатында «Өнер-ортақ игілік» атты облыстық семинар өтті. Семинарда өнер саласындағы қазақ тіліндегі әдебиеттерді толықтыру және оны тиімді пайдалану жолдары туралы сөз болды. 

1993 жылы облыста халыққа 226 кітапхана, соның ішінде 165 ауылдық кітапхана қызмет етті. Исатай аудандық ОКЖ-нде «Өлкетану және қазақ тіліндегі әдебиеттермен жүргізілетін жұмыстарды одан әрі жетілдіру» тақырыбында облыстық семинар өтті. 

Қазақтың жезтаңдай шешен, төкпе ақын Мұрат Мөңкеұлының 150 жылдық мерейтойына орай «Төкпе жырдың төресі» атты көркемсөз оқу шеберлерінің облыстық сайысы өтті. 

1994 жылы халыққа 224 кітапхана қызмет көрсетті. 

Ұлыстың ұлы күні-Наурыз мерекесіне байланысты кітапханаларда ұлттық салт-дәстүрлер мен ойындар т.б. жайындағы әдебиеттерді насихаттау кең өріс алды. 

1995 жылы облыста 223 кітапхана халыққа қызмет көрсетті. 

Ата заңымыз-Қазақстан республикасы Конституциясын, халқымыздың мақтанышы-ұлы Абайдың 150 және Ұлы Жеңістің 50 жылдығын насихаттау бағытында көпшілік шаралар өтті. Сондай-ақ, жерлес ақын-жазушылар: Ә.Сәрсенбаевтың 90 және Ж.Нәжімеденовтің 60 жылдығына орай ауқымды жұмыстар жүргізілді. 

Ұлы Абайдың 150 жылдық мерейтойына орай облыстық кітапханада «Сәулең болса кеудеңде» атты ауыл кітапханашылары арасында сайыс өтті. 

Индер аудандық орталық кітапханасына жаңа ғимарат салынып, пайдалануға берілді. Махамбет аудандық орталық кітапханасы жаңа орынға көшірілді. 

1996 жылы облыстағы 223 кітапхананың 60-ы қысқартылып, 163 кітапхана жұмыс істеді. Кітапханалар мемлекеттік тәуелсіздігіміздің 5 жылдығы, Желтоқсан оқиғасының 10 жылдығы, ұлы ақынымыз Жамбыл Жабаевтың 150 жылдық мерейтойына орай көптеген шаралар өткізді. 

Индер аудандық ОКЖ бойынша Кулагино ауылдық кітапханасы бұрынғы балабақша ғимаратына көшірілсе, Исатай аудандық ОКЖ-не қарасты Нарын ауылдық кітапханасы жаңа мекен-жайға көшірілді.

1997 жылы облыста 88 кітапхана жұмыс жасады. 

Кітапханаларда «Қазақстан-2030» Ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы болашақ өмірімізді айқындайтын құжат есебінде танылып,оқырмандар арасында кеңінен насихатталды. 

Ұлы ойшылымыз М.О.Әуезовтың 100 жылдық мерейтойына орай «Біз Әуезовті білеміз бе?» атты облыстық кітапханашылар сайысы өтті. Барлық шаралар «Ұлттық татулық пен саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу жылы» шеңберінде өтті. 

1998 жылы облыста тағы да 4 кітапхана қысқарып, 84 кітапхана халыққа кітапханалық қызмет көрсетті. 

Осы жылы жарияланған «Халық бірлігі мен ұлттық тарих жылы» аясындаАтырау облысының 60 жылдығы, ұлы күйші Құрманғазы Сағырбайұлының 175 жылдығы, Атырау облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың 60 жылдығы, тұңғыш рет Қазақстан Республикасы халықтарының тіл мерекесіне т.б.орай көпшілік шаралар өтті. 

Облыстық кітапхана жанынан Кітапханалар қауымдастығы құрылып, кітапхана директоры Қ.К.Қабиева оның төрайымы болып сайланды. Алматыда өткен Қазақстан кітапханашыларының ІІ республикалық сьезіне облыс кітапханашылары атынан делегаттар барып қайтты. Олар: Қабиева Қадиша Керейқызы - облыстық кітапхана директоры, Қорқытова Нұрсұлу - университет кітапханасы меңгерушісі, Дінғалиева Райшан Төлеуғалиқызы - қаладағы №27 мектеп кітапханашысы, Қуанова Жұпар - Жамбыл ауылдық кітапханасы меңгерушісі, Красножен Светлана Петровна - ғылыми техникалық кітапхана директоры. 

1999 жылы облыста мемлекеттік жүйеге қарасты 84 кітапхана жұмыс жасады. Облыстық жасөспірімдер, балалар, зағыптар кітапханалары компьютерлермен жабдықталды.№2 қалалық орталық кітапхана екі қатарлы жаңа мекен-жайға көшірілді. 

«Ұрпақтар бірлігі мен сабақтастығы жылы» аясында Қазақстан мұнайының 100 жылдығы, ХХ ғасырдың геология саласындағы көрнекті ғалымы, академик Қ.Сәтбаевтың 100 жылдығы т.б. шаралар өткізілді. 

Осы жылдың 15 қазанында облыста «Кітапханалар күні» атап өтіліп, бірнеше кітапханашы Облыстық Мәдениет басқармасының алғыс хатымен марапатталды. 

2000 жыл - Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен «Мәдениетті қолдау жылы» болып жарияланды. Осы жылы жабылып қалған 57 кітапхана өз оқырмандарына есіктерін қайта ашты. Сөйтіп облыста 141 кітапхана халыққа кітапханалық қызмет көрсетті. 

Кітапхана процестерін автоматтандыру мақсатында облыс кітапханаларына компьютерлер алынды. 

Мәдениетті қолдау жылының берекелі шарасы ретінде өткен жалпыхалықтық «Қамқор» мәдени акциясының екінші кезеңі бойынша кітапханаларға оқырмандар, жерлес ақын-жазушылар кітаптар сыйлады. 

Кітап қорын толықтыруға 7 038 800 теңге қаржы бөлініп, 274 109 дана жаңа әдебиеттер алынып, кітап қоры 1 894 262, ал қазақ тілінде 782 737 данаға жетті. 

2001 жылдың Елбасының жарлығымен «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» жылы болып жарияланғаны белгілі. Кітапханада жүргізілген жұмыстар халқымыз жасаған таңдаудың мән-маңызын ой елегінен өткізуге бағытталды. 

Облыстық ресми делегация құрамында кітапхана директоры Қабиева Қадиша Керейқызы Астанаға барды, «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды. 

Қызылқоға, Махамбет аудандық ОКЖ бойынша аудандық балалар кітапханалары қайта ашылды. 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 24 шілдедегі №1000 қаулысымен Облыстық ғылыми әмбебап кітапханаға жерлес жазушы Ғ.Сланов есімі берілді. Ғ.Слановтың 90-жылдығына орай кітапханада жазушының әдеби-мемориалды бөлмесі ашылды. 

2002 жылы ақберен батыр, дауылпаз ақын Махамбет бабамыздың 200 жылдық мерейтойының ЮНЕСКО көлемінде тойлануына орай кітапханаларда ақын шығармашылығын насихаттауға бағытталған көпшілік шаралар өтті. Облыстық кітапхана мамандары «Махамбет-200» веб-сайтын жасақтауға материалдар әзірледі. 

Атырау қаласы әкімінің 2000 жылғы 15 тамыздағы №2087 шешіміне сәйкес ескі қала тұрғындарын кітаппен қамту үшін №1 қалалық ОКЖ қарасты жылжымалы автокітапхана №4 қалалық кітапхана болып бөлек мекен-жайға көшірілді. Осы қаулы негізінде аталған мекен-жайдан №3 қалалық балалар кітапхана филиалы ашылды. Сөйтіп облыста мемлекет жүйесіне қарасты кітапханалар саны 146-ға жетті. 

Осы жылы кітапханалардың ақпараттық қызметке көбірек бет бұру қажеттілігін айқындау мақсатында «Кітапханалар ақпараттық еркіндікті пайдалану орталығы» атты облыстық семинар өтті. 

2002 жылдан – IREX - IATP – Интернетті қоғамдық пайдалану орталығымен бірлескен жұмыс нәтижесінде облыс кітапханаларының қызметкерлерін компьютерлік сауаттылыққа, Интернетті пайдалануға үйрету курстарында оқытуға мүмкіндік болды. 

Осы коғамдық орталық арқылы кітапхана, оқырмандар Интернет жүйесі және электронды пошта қызметтерін пайдаланды. 

2003 жылы облыс бойынша 146 кітапхана халыққа кітапханалық қызмет көрсетіп, кітап қоры 1962524, қазақ тілінде 840842 дананы құрады. 182116 оқырманға 3 530046, қазақ тілінде 2153513 дана кітап берілді. 

«Ауыл кітапханалары ұлт рухының мәйегі» атты әдістемелік ұсыныс дайындалып, барлық кітапханаларға таратылды. 

«Ауыл кітапханаларын дамытудың 2003-2005 жылдарға арналған даму бағдарламасы» жасақталып, осы бағдарламаға сәйкес облыстық кітапхана базасында аудандық орталық кітапхана қызметкерлерін компьютерлік сауаттылыққа үйрету және Облыстық мәдениет басқармасының қаржыландыруымен 7 аудандық орталық кітапхананы компьютерлермен қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылды. Осы жылдың «Ресейдегі Қазақстан жылы» болып жариялануына орай облыстық кітапхана көршілес Астрахань облысы кітапханаларымен өзара іскерлік байланыста болып, Краснояр аудандық орталық кітапханасына қазақ тіліндегі әдебиеттер тарту етті. 

3 наурызда кітапханада Махамбет бабамыздың 200 жылдық мерейтойына арналған веб-сайттың www.makhambet.freenet.kz тұсаукесер рәсімі өтті. Бұл Махамбет есімін әлемге танытуда жасалған тың қадам болды. 

Кітапхананың ұйымдастыруымен белгілі қаламгер, драматург-жазушы Берік Қорқытовтың 75 жасқа толу мерейтойына арналған шығармашылық кеш өткізілді. Мерейгердің кітапхана мамандары баспаға әзірлеген, «Сахна сандығы» атты екі томдық шығармалар жинағы жарық көрді, оның 300 данасы кітапханаларға берілді. 

2004 жылы 147 кітапхана халыққа қызмет көрсетті. 

Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен қабылданған 2004-2006 жылдарға арналған мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес «Атырау облысы кітапханаларында мемлекеттік «Мәдени мұра» бағдарламасына сәйкес атқарылатын шаралар» жоспары жасақталды. Осы шаралар аясындағы ауқымды шараның бірі - «Мәдени мұра – Культурное наследие» веб-сайты www.madenimura.freenet.kz жасақталып, Интернет жүйесіне қосылды.

Осы жылы облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау кәсіпорнымен бірлесіп «Өз өлкеңді тани біл» атты зерделі кеңес өтті.

Облыс кітапханаларының жұмысына бағыт-бағдар беру мақсатында « Рухани қазыналарды танып-білу» атты әдістемелік хат дайындалды. 

2003-2005 жылдарға арналған ауыл жылдарына орай «Ауыл-ұлттың айнасы» атты айдармен барлық кітапханаларда кітап көрмелері жасақталып, осы бағытта әдебиеттер насихатталды. 

Индер ауданында 2 ауылдық кітапхана ашылып, оқырмандар қабылдады. 

Облысымызға танымал мәдениет қызметкері, 1956-1980 жылдар аралығында облыстық кітапхана директоры қызметін атқарған Сәбира Сисенқызы Тілесованың туғанына 80 жыл толуына орай еске алу шаралары ұйымдастырылды. Сәуір айында өткен осы кешенді шара ол тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатумен басталды. Әрі қарай еске алу кеші өткізіліп, жиналғандар «Өн-бойы тұнған өнеге» атты өмірі мен еңбек жолына арналған көрсеткішпен және көрмемен танысты. 

2005 жылы 148 кітапхана халыққа қызмет көрсетті. 

«2003-2005 жылдарға арналған ауыл жылдары», «2004-2006 жж. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында жұмыстар жүргізілді. Ауыл кітапханашыларының кәсіби біліктілігін арттыру мақсатында «Ауыл кітапханалары жаңа жағдайда » атты облыстық семинар-тренинг өтті. «Мәдени мұра» веб-сайты, «Мәдени мұра-мәңгілік мирас» тұрақты кітап көрмесі жаңа мәліметтермен толықтырылды. 

Атырау облысы Индер ауданы әкімінің №3, 7 қаңтар, 2005 ж. шешімімен Индер поселкесінен «Арыс» кітапханасы ашылды. 

Жылой, Индер, Құрманғазы аудандық орталық кітапханалары РАБИС бағдарламасымен жұмыс жүргізуді бастады. 

Қазақстандағы АҚШ елшілігінің мемлекеттік департаменті мен кітапхананың өзара ынтымақтастығы нәтижесінде Американдық ақпарат орталығы ашылды. 

Кітапханада Атырау өңірінің асыл перзенттері: Ә.Сәрсенбайұлы, Ж.Нәжімеденов, Н.Әжіғалиевтің шығармашылығына арналған кештер өтті. 

2006 жылы облыста 134 кітапхана қызмет көрсетті. 

Жылдың Қазақстандағы Пушкин жылы, Ресейдегі Абай жылы деп жариялануына орай кітапханаларда көпшілік шаралар өтті. 

Ғ.Сланов атындағы ОҒӘК Ресей мен Қазақстан мәдени-тарихи байланыстарын ашып көрсететін электронды коллекцияларды кең пайдаланумен қамтамасыз ету, мәдени және тілдік көптүрлілікті сақтау мақсатын көздейтін «Шекарадағы кездесулер» мегажобасына белсене қатысты. Мегажоба аясында Н.К.Крупская атындағы Астрахан ОҒӘК арасында ынтымақтастық, кітапханалық – ақпараттық кеңістік құруда өзара келісім жасалып, тәжрибе алмасуда. 

Облыстық кітапхана РАБИС бағдарламасының «Оқырмандарды тіркеу» модулін іске қосты. Осы жылы Исатай, Махамбет, Кызылқоға, Мақат аудандық орталық кітапханалары да РАБИС бағдарламасын пайдалана бастады. 

Атырау облысы әкімінің 26.06.06. №173 қаулысына сәйкес кітапхана «Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхана» мемлекеттік мекеме болып қайта құрылды. 

2007 жылы облыста 134 кітапхана халыққа кітапханалақ қызмет көрсетті. Облыстық кітапхананың веб-сайты, «Махамбет-200», «Мәдени мұра»өңделіп, жаңа мәліметтермен толықтырылып, кітапхана қызметін пайдаланушыларға ұсынылды. 

«Қазақстан-2030» Даму стратегиясының 10 жылдығы, «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы», « Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». 

Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын басшылыққа ала отырып, кітап көрмелері жасақталды, көпшілік шаралар өткізілді. 

Атырау облысы әкімінің «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2007-2008», «Қазақстан Республикасында азаматтық қоғамды дамытудың 2006-2011 жылдарға арналған тұжырымдамасын» және «Атырау облысы мүгедектерді оңалтудың 2006-2008 жылдарға арналған»өңірлік бағдарламаларын жүзеге асыруға бағытталан шаралар өтті. 

Облыстық мәдениет басқармасы мен Ғ.Сланов атындағы облыстық ғылыми әмбебап кітапхананың ұйымдастыруымен ауыл кітапханашыларына арналған « Ауыл кітапханасының бүгінгі келбеті» атты семинар-тренинг өтті. 

2004-2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Мәдени мұра және кітапхана» атты Жылой аудандық орталық кітапхана базасында облыстық семинар өтті. Семинар барысында мәдени мұраны насихаттау мақсатында кітапханашылар сайысы ұйымдастырылып, оған Жылой аудандық ОКЖ кітапханашылары қатысып, өз білімдері мен кәсіби біліктіліктері бойынша өзара сынға түсті. 

author

Ғабдол Сланов

Спорт

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының экс-ойыншысы Ұлан Қонысбаев Euro-football.ru сайтына берген с...

Жаңалықтар

Бұл ерекше жүздесу Лондонда өтті. Ең ұзын және ең қысқа әйелдер кездесіп, бірге шәй ішіп, әңгімелест...