Менің замандастарым. Дәл осындай атаумен танымал қылқалам шебері Аманқос Ақанаев көрме өткізді. ...
Берік Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы азаматтарды жеке мәселелері бойынша кезекті рет қабылдады.
Зооқорғаушы А.Нұрсейітов өңір басшысына қаңғыбас иттер мен мысықтарға арналған баспанаға арнайы қоршау орнатуға көмек сұрап жүгінді. Б.Әбдіғалиұлы бұл мәселені жақын арада шешу жоспарланып отырғанын атап өтті. Жезқазған қаласындағы жануарларға арналған баспана аумағына «Қазақмыс» корпорациясының күшімен қоршау қойылады.
Сонымен қатар, облыс әкімі жақын арада өңірде қаңғыбас мысықтар мен иттерді аулауға және ұстауға конкурс жарияланатынын хабарлады. Осыған орай Б.Әбдіғалиұлы байқауға А.Нұрсейітовке де қатысуды ұсынды.
Сәтбаев қаласының тұрғыны В.Джура тұрғын үй үшін өтемақы туралы сұрақпен қабылдауға жүгінді. Азаматқа қолданыстағы заңнамаға сәйкес түсініктемелер берілді.
Естеріңізге сала кетейік, Ұлытау облысының әкімі Б.Әбдіғалиұлы әр бейсенбі сайын сағат 17:00-ден бастап азаматтарды қабылдайды.