Жетісу облысында жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қазақстанның Ұлттық дерект...
Павлодарда жантүршігерлік жол апатынан бала таңғажайып жағдайда аман қалды
Фото: видеодан скриншот
Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болып, кішкентай бала таңғажайып жағдайда аман қалды, деп хабарлайды madeniportal.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Полиция департаментінің мәліметінше, бала балалар орындығының арқасында аман қалған.
Оқиға 8 қарашада түнгі уақытта Қалқаман ауылының маңындағы Қызылорда-Павлодар тасжолында болған.
"Nissan көлігінің жүргізушісі сағатына 160 шақырым жылдамдықпен жүріп келе жатып, көмір тиелген КамАЗ-бен (тіркеме) соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.
Оқиға салдарынан Nissan көлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Ал жүргізуші мен олардың түрлі жарақаттары бар баласы ауруханаға жатқызылды.
Айта кетейік, жол жүру ережелеріне сәйкес 7 жасқа дейінгі балалар көлік жүргізу кезінде автомобиль салонында тек балалар орындығына отыруы керек.
Өңірде жыл басынан бері жолда белгіленген жылдамдық режимін бұзғаны үшін 54,5 мың жүргізуші жазаланды. 100-ден аса жүргізуші балалар орындығын пайдаланбағаны үшін жауапқа тартылды.