Актриса Дариға Бадықова жақында жарық көретін киносы жайлы сөз қозғады, деп хабарлады madeniportal.k...
Айсәуле Бақытбек : "Тек жақсы күйеуден бала туу керек"
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Белгілі блогер Айсәуле Бақытбек үшінші рет ана атанатынын сүйіншілеп, оқырман тарапынан келген сұрақтарға жауап берді, деп жазады madeniportal.kz тішісі stan.kz сілтеме жасап.
Желі жұлдызының София мен Сәтті есімді екі қызы бар.
"Біз 8 жыл бойы өзіміз үшін өмір сүрдік, қыдырдық. Сосын өміріміздің келесі кезеңі басталды. Осыдан кейін тағы да ата-ана болғымыз келетінін түсіндік. Мойындаймын, үшінші рет менің онша ықыласым болмады, алайда күйеуім райымнан қайтарды. Бұл өте жақсы идея деп мені сендірді. Нәтижесі көріп отырғандарыңыздай. Мен дәрігеріме шешіміміз туралы хабарлағанда ол да аса құптай қоймады, бірақ біз өз дегенімізге жеттік", – деп қуанышты жаңалығын бөлісті ол.
Сонымен қатар блогер жас аналарға кеңес айтып, күйеуінің қолдауы өте маңызды екенін жеткізді.
“Біріншіден, менің ойымша тек жақсы күйеуден бала туу керек. Балалы болу туралы қорқынышты азайтып, бәрін ықыласпен істеуге ең басты және алғашқы себеп осы деп ойлаймын. Екіншіден, күйеуіме үйдегі бала саны мен бала күтушінің саны тең болуы керек деген шарт қойдым. Күйеуім болса "қаласаң, тіпті түнгі бала күтуші аламыз" деді. Үшіншіден, бала бағуға күйеуімнің ата-анасы көмектеседі, оларға немерелерімен бірге болған ұнайды. Төртіншіден, мен аяғым ауыр кезде де, босанған соң да жұмысымды жалғастыра беремін. Жұмыс істегеннен ләззат аламын. Бесіншіден, Сафия мен Сәттінің қылықтарын қызықтаған сайын бұл бақытты еселей түскім келеді", – деп түсіндірді Айсәуле.